Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Кідіріссіз жағдайлар бойынша өткен тренингтің есебі

Кідіріссіз жағдайлар бойынша өткен тренингтің есебі

04 Сәуір 2021

2021 жылдың наурыз айының 25 мен 31 аралығында КеАҚ «Қарағанды медициналық университеті» симуляциялық және білім беру орталығының жаттықтырушылары   М. В. Тимахович,  Г. К. Идрисова,  А. С. Сапарова   ШЖҚ КМК «Қарағанды қаласының № 3 көп салалы ауруханасының» жалпы саны 51 медициналық қызметкерлеріне (дәрігерлер, мейірбекелер, зертханашылар және басқа да қызметкерлер) «Алғашқы кідіріссіз көмек көрсету дағдылары» тақырыбында өткізді.  Аталған оқыту семинары төтенше және/немесе қиын жағдайлар кезінде қызметкерлердің белсенді әрекет етуін арттыру мақсатында медициналық білімі бар қызметкерлеріне арналған.

Оқыту теориялық дайындық түрінде және алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларына үйрету үшін симуляциялық жабдықтарды (манекендер, тренажерлар) пайдалана отырып, практикалық сабақтар түрінде жүргізілді. ҚР ДСМ хаттамаларына сәйкес шұғыл көмек көрсетудің теориялық және практикалық аспектілері бойынша ақпараттар ұсынылып, кідіріссіз көмек көрсету кезінде әртүрлі дәрігерлік және дәрігерге дейінгі манипуляцияларды жүргізу алгоритмдері қаралды.

Тыңдаушылар медициналық, симуляциялық жабдықтарды пайдалана отырып  BLS, ACLS, TALS кідіріссіз көмек көрсету дағдыларын пысықтап, қолда бар құралдарды қолдана отырып ЖКС, коникотомия кезіндегі дағдыларды үйренді. Цикл соңында тыңдаушылар меңгерген практикалық дағдыларын  көрсетті.

   

СББТО маманы Н.И.Савченко


0
1951

пікірлер

пікір қалдыру үшін.