Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Емтихан материалдарын сараптауға және әзірлеуге оқыту

Емтихан материалдарын сараптауға және әзірлеуге оқыту

05 Сәуір 2021

2021 жылдың наурыз айының 25 мен 31 аралығында  «Түлектердің құзыреттілігін бағалау құралдары (бірнеше таңдау тест сұрақтарын, клиникалық сценарийлерін әзірлеу және тексеру әдістемесі)» тақырыбында  (54 сағаттық) оқу семинары болып өтті.  Семинарға КеАҚ ҚМУ 87 оқытушысы қатысты. Оқытуды тест сұрақтарын әзірлеу бойынша эксперті  – О.А. Вестерничан және клиникалық сценарий бойынша – Г.Г. Еремичева  жүргізді. Семинарда: медициналық ЖОО түлектерінің клиникалық құзыреттілігін бағалау, кәсіби білімдерінің, іскерліктері мен дағдыларының тұрақтылығы мен өміршеңдігі тәрізді маңызды мәселелер талқыланды. Оқытушылардың кәсіби даму траекториясын, оқыту және оқытудың әдістерін таңдау бойынша маңызды ұсыныстар берілді.Қатысушылар білім алушылар денсаулық сақтау саласының кәсіби маманы болу үшін қажетті құзыреттіліктерді игеру бойынша  маңызды мәселелерді белсенді талқылады. Бітірушінің құзыреттілігін бағалаудағы осындай құралдардың бірі білімді, іскерлікті және оларды қолдануды бағалауға арналған тест тапсырмалары түріндегі емтихан материалдары, сондай-ақ практикалық және клиникалық дағдыларды бағалауға арналған клиникалық сценарийлер болып табылады. Тест тапсырмалары мен клиникалық сценарийлерді әзірлеу барысында емтихан материалдарын әзірлеу тобына арнайы дайындалған тестологтарды қосу қажет. Осыған байланысты спикерлер емтихан материалдарын әзірлеуші мен сарапшының рөлі туралы түсінік берді. Сонымен қатар, клиникалық сценарийлерді әзірлеу әдіснамасы мен білім беру бағдарламалары, әдістемелік материалдары, оқытудың бақылау-өлшеу құралдарына сараптама жүргізу сияқты практикалық дағдыларды бағалау жөнінде сөз қозғалды.

Семинар тыңдаушылары осы тақырыптың өзектілігін, ұсынылған ақпараттың қол жетімділігін және оқытуды жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті.


0
1563

пікірлер

пікір қалдыру үшін.