Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Академик Шахмарден Есенов атындағы шәкіртақы иегері!

Академик Шахмарден Есенов атындағы шәкіртақы иегері!

05 Сәуір 2021

Қарағанды медицина университетінің Фармация мектебінің 3 курс студенті Әлімбатыров Марланға Академик Ш. Есенов атындағы білім беру қорының шәкіртақы иегері мәртебесі берілді. Ол Қазақстан Республикасының 458 студенті арасында жеңімпаздар тізіміне енді!

Әлімбатыров Марлан - университеттің белсенді студенттерінің бірі. Ол "ҚМУ" КеАҚ Сенатындағы Фармация мектебінің өкілі, Фармация мектебінің студенттік ғылыми үйірмесінің төрағасы, "Фармацевтикалық өндіріс технологиясы" мамандығының 1 және 2-курстарының координаторы. Марлан Әлімбатыров республикалық байқауларға қатысқаны үшін бірқатар маңызды атақтар мен медальдарға ие. Ол ҚР Үздік студенттер академиясының мүшесі, "ХХІ ғасыр көшбасшысы: Үздік студент" және ҚР жастарының "Алтын кітабы" байқауларының жеңімпазы.

Марланды кезекті жеңісімен құттықтаймыз! Қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, кез келген шыңдарды бағындыра отырып, әрқашан алға ұмтылуды тілейміз! 


0
1726

пікірлер

пікір қалдыру үшін.