Біздің университеттен Шахмардан Есенов атындағы қордың тағы бір стипендиаты!
Ш.Есенов
атындағы қордың стипендиаты "ҚМУ"
КеАҚ медицина мектебінің 3-курс студенті Құжас Дана атанды.
Құжас Дана-Медицина мектебі кеңесінің мүшесі, 3-курс старостасы. Ол көптеген ғылыми мақалалар жазады және оларды ғылыми журналдарды жариялайды. Оның соңғы мақаласыКавасаки-covid-19-бен байланысты синдромға ұқсас клиникалық жағдайға арналған және "Медицина және Экология" атты журналда жарияланған.
Дана-суретші және фотограф. Бірінші курста ол өнер үйірмесінің жетекшісі және оқытушысы болды, қазіргі уақытта ол өнермен байланысты өзінің бизнес-жобасын жүзеге асыруда.
Карантин уақытында coursera платформасында оқуды сырттай аяқтап, келесідей курстардан өткені туралы сертификаттар алды: «Vital signs: understanding what the body is telling us» University of Pennsylvania ұсынған аталған курс; «Әйелдің репродуктивті денсаулығы және қауіпсіз жүктілігі» Томск мемлекеттік университеті мен Сеченов университетінің курс; Yale University-ден «Introduction to psychology»
Бүгінгі таңда John Hopkins University және Stanford university-ден тағы екі курстан өтуге қаржылай көмектің расталуын күтуде.
Дананы осы жетістігімен құттықтаймыз! Оған барлық идеялар мен жобаларды жүзеге асыруда сәттілік тілейміз!