Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жастар ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Жастар ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

16 Сәуір 2021

13 сәуірде «Парасат жолы» орталығының қызметі аясында «Adaldyq alany» жобасының жетекшісі– сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму Министрінің Штаттан тыс кеңесшісі ҚХАжанындағы «Жарасым» Республикалық жастар ұйымының төрағасы Джумурбаев Тимур Габдуловичпен кездесуөтті. Кездесу ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму Министрлігі, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ комплаенс-офисі, «Самрұқ» Студенттік Республикасы, «Sanaly Urpaq» студенттік клубы болып сөз сөйледі.

  Қатысушылармен кездесу барысында, Тимур Габдулович білім беру ортасында адалдық қағидаттары мен парасаттылықтың маңыздылығына аса назар аударды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және жою, Қазақстанның білім беру ұйымдары үшін лайықты академиялық ортаны қамтамасыз ету бүгінде басым міндеттердің біріне айналуда. Бұл міндетті жүзеге асыру білім беру процесінің барлық қатысушыларының «иығында» жатыр, бірақ ең алдымен студенттік жастар инновацияларды енгізудің негізгі фундаменті ретінде сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік саясатын жүзеге асыруы керек», - деп атап өтті спикер.

  Кездесу барысында Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жоспарланған жобалары, жастардың осындай жобаларға қатысуының маңыздылығы туралы сұрақтар қойылды.

«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Adaldyq alany»жобалық кеңсесі қызметі аясында Министрлік пен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметінің ашықтығы бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізуде. Бүгінде министрлік басшылығы үшін жұмыс барынша ашық болуы керек, сонда барлығы қызығушылық танытқан сұраққа жауап ала алады», - деп қорытындылады Т.Г.Джумурбаев.

  Сонымен қатар, спикер Қарағанды медицина университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда, маңызды жобаларды іске асыру және комплаенс-офистің қызметі бойынша еліміздегі жоғары білім беру саласында алғашқылардың бірі болғандығын, жұмысын атап өтті.

   Кездесу нәтижесінде АҚДМ «Adaldyq alany» жобалық кеңсенің университеттің комплаенс-офиспен және студенттік ұйымдарымен, халықортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бірлескен жұмысы туралы келісімге қол жеткізілді.

#anticor

#MUKCompliance

#MUKSanalyUrpaq

#MUKПарасатЖолы


0
1760

пікірлер

пікір қалдыру үшін.