Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жастар жобасы «Сыбайлас жемқорлық – жоқ!»

Жастар жобасы «Сыбайлас жемқорлық – жоқ!»

19 Сәуір 2021

15 сәуірде  ZOOM платформасында «Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы» КММ әлеуметтік-құқықтық және психологиялық кеңестер беру жөніндегі секторының заңкеңесшісі Есказин Ержан Маликовичпен бірлескен кездесу өтті. 

Ақпараттық кездесу Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі ережелерін түсіндіру және «Сыбайлас жемқорлық – жоқ!» Жастар жобасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды. Спикер бұзушылықтардың түрлерін сипаттап, заңсыз әрекеттердің себеп-салдарының байланыстарын көрсетті.

Ержан Маликович өз баяндамасында «Сыбайлас жемқорлық – жоқ!» жобасы тұрақты екендігін, құқықтық-нормативтік базаға негізделгендігін және 14-29 жас аралығындағы жастарды қамтитындығы, ал басты міндет – жастарды парасаттылық, жауапкершілік және әдептілік қағидаттарына тәрбиелеу болып табылатындығын атап өтті.

Мұндай кездесулер «Парасат жолы» орталығы жұмысы және «Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесі қызметін жүзеге асыру аясында ұйымдастырылатындығы туралы айта кету керек.

#anticor

#MUKCompliance

#MUKSanalyUrpaq

#MUKПарасатЖолы


0
1402

пікірлер

пікір қалдыру үшін.