Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қаражал қаласының медицина қызметкерлерінің кідіріссіз көмек көрсету бойынша біліктілігін арттыру

Қаражал қаласының медицина қызметкерлерінің кідіріссіз көмек көрсету бойынша біліктілігін арттыру

27 Сәуір 2021

2021 жылдың 21-23 сәуір аралығында КеАҚ «ҚМУ» симуляциялық және білім беру орталығының жаттықтырушысы Ешетова Айша Абеновна КМК "Қаражал қаласының орталық ауруханасының" 30 қызметкеріне алғашқы кідіріссіз көмек көрсету дағдылары тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Тыңдаушылар Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар алгоритмі бойынша өз шеберліктерін шыңдады. Барлық клиникалық дағдылар алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша ұлттық клиникалық хаттамаларға сәйкес орындалып, BLS, ACLS, PALS, ThLS халықаралық стандарттарына сәйкес келді.

Жаттықтырушы А.А.Ешетованың  оқыту барысында шынайы практикадағы клиникалық жағдайларды пайдалануы дағдыларды жақсы меңгеруге ықпал етті. Оқыту соңында дебрифинг жүргізіліп, көмек көрсету кезіндегі қателіктер талқыланып қана қоймай,  сонымен қатар ауруханаға дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсету тактикасы пысықталды.

Семинар соңында барлық тыңдаушылар ұсынылатын ақпараттың жоғары ұйымдастырылуы мен қолжетімді сапасын атап өтті, әртүрлі тренажерлар, манекендер мен симуляциялық технологияларды пайдалана отырып, кідіріссіз жағдайларда көмек көрсету алгоритмдерін пысықтау және бекіту үшін осындай оқытудан тұрақты өтіп тұру қажеттігін атап өтті.

Айша Абеновна - клиникалық еңбек өтілі 40 жылдан астам, жоғары біліктілік санатындағы дәрігер.  Зейнет жасында болса да, ол соңғы уақытқа дейін "Қарағанды қаласының Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы" КМК аға кезекші дәрігері ретінде жұмысын жалғастырды. Сондықтан Айша Абеновна  кідіріссіз медициналық көмекті қажет ететін күрделі жағдайларды жоғары кәсіби деңгейде біледі. Қаражал қаласының Орталық аурухана қызметкерлерін оқыту барысында Айша Абеновна әріптестерімен Қаражал қаласының жедел медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі құнды тәжірибесімен де бөлісті.


0
2244

пікірлер

пікір қалдыру үшін.