Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Естелікке тағзым

Естелікке тағзым

01 Мамыр 2021

Қалыптасқан дәстүр бойынша Қарағанды медицина университеті әскери кафедрасының ұжымы Жеңіс күні және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері күні қарсаңында Ұлы Отан соғысы жылдарында эвакогоспитальдарда жарақаттардан қайтыс болған жауынгерлердің ескерткіш-мемориалында, сондай-ақ Кеңес Одағы Батырларының жерленген жерлерінде сенбілік өткізді.

1941-1944 жылдары бұрынғы мұғалімдер институты мен бұрынғы фельдшерлік-акушерлік мектептің ғимаратында жұмыс істеген № 3970/71 эвакогоспиталь және оның филиалы (қазір – медицина университетінің корпустарының бірі және «Болашақ» академиясының ғимараты) 1941 жылдың қыркүйегінде ұзақ емдеуді қажет ететін жаралылардың алғашқы партияларын қабылдады. № 3970/71 эвакогоспиталь Қарағандыда 1944 жылдың қазанына дейін жұмыс істеді.

Совет ауданының Үлкен Михайловка кентіндегі қалалық зираттағы кеңес жауынгерлерінің бауырластар зиратының үстіндегі ескерткіш 1945 жылы орнатылды. Бұл жауынгерлер кең байтақ елдің әр түрлі жерлерінен шыққан, бірақ бәрінің мақсаты бір – фашистік басқыншыларды жеңу болды.

Қарағанды жерінен Татарстанның, Башқұртстанның, Мордовия АКСР-ның тумалары мәңгілік мекендерін тапты.  Біздің ауруханаларда қайтыс болған сарбаздардың отбастары Ленинградта, Ярославльде, Омбыда, Томскіде күтпеді…

Қазіргі уақытта, яғни 76 жылдан кейін, қабір әлі күнге дейін толық күтімде.


0
2050

пікірлер

пікір қалдыру үшін.