Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағанды медицина университеті студенттері Tumar Student Business Challenge жеңімпаздары арасында

Қарағанды медицина университеті студенттері Tumar Student Business Challenge жеңімпаздары арасында

12 Мамыр 2021

Tumar Student Business Challenge студенттік стартаптардың және бизнестербайқауында медик-студенттердің екі жобасы ең үздік деп танылды.

  «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» ERG компаниясының (Еуразиялық Топ) бастамасының аясында 2021 жылдың сәуір айында байқау өтті. Барлығы Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай және Павлодар қалаларының университеттері мен колледждерінің 106 командасы қатысып жеңіс үшін күресті. Жеңімпаз ретінде 15 команда таңдалды.

  Валентина Кузякова, Карина Яндуткина, Назгуль Елеунтаева, Лариса Нұрланбекқызы «ОЗФАРМ+» - әлеуметтік дәріхана жобасын ұсынды. Жамаш Алмас, Аружан Топа, Ділназ Темірбаева және Еркеназ Исабекқызы медициналық мақсаттағы тауарларды вендингті сату және оларды кейіннен жою бойынша жергілікті компанияның «PharmExpress» жобасын ұсынды. Әділқазылар алқасы бағалауының нәтижелері бойынша жобалар үздіктер қатарына кірді, ал әзірлеушілердің өздері Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Entrepreneurial Meetup-қа қатысады. Сонымен қатар, барлық жеңімпаз командалар «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасының резиденттеріне қосылуға, жоба шеңберінде көптеген түрлі бастамалар мен мүмкіндіктерге, соның ішінде тренингтерге, білім алуға, жобаның үлкен білім Қорына қол жетімділік, қаржыландыру және бизнесмендер және кәсіпкерлермен кездесуге мүмкіндік алды.

  AlmaU кәсіпкерлік және инновация Мектебінің жобалар жетекшісі Әсем Кабулованың айтуынша, ұйымдастырушылар студенттердің стартаптары мен жобаларын дамытудағы жұмысына жоғары баға берді. «Біз өз резиденттеріміздің қалай өсіп жатқанын көргенімізге қуаныштымыз, екі жыл бұрын олар Project Day-да идеяларын ұсынды, ал бүгін олар –MVP немесе толыққанды стартап», - деп сөзін аяқтады Әсем Кабулова.

  Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі – бұл кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы, ол студенттерге кәсіпкерлікке үйренуге мүмкіндік береді, сонымен қатар оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің біліктілігі мен дағдыларын дамытуда маңызды рөл атқарады.

  Қазақстандағы Тель-Авив университетінің достар Қауымдастығы және Алматы Менеджмент Университетімен серіктестікте ERG компаниясының (Еуразиялық Топ) бастамасымен 2017 жылдың наурызында Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі іске қосылды.

  Ecosystemerg.kz порталында толық ақпарат бар.

#EcoSystemERG#EntrepreneurshipKMU

Қарағанды медицина университетіндегі

«Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасының жұмыс тобы 


0
1590

пікірлер

пікір қалдыру үшін.