Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарағанды​​ қаласының орта білім беру мекемелерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді

Қарағанды​​ қаласының орта білім беру мекемелерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді

18 Мамыр 2021

«ҚМУ» КеАҚҚоғамдық денсаулық сақтау және биомедицина мектебінің қызметкерлері Қарағанды ​​медициналық университетіне оқуға түсу үшін орта жалпы білім беру және орта арнаулы оқу орындарының түлектеріне кәсіптік бағдар беру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.On-line кездесулерді ұйымдастыруға көмектесу туралы өтінішпен республиканың барлық медициналық колледждері мен облыстық білім басқармаларына хаттар жолданды.Қарағанды қаласының жалпы орта білім беру мекемелерінде кәсіптік бағдар беру бойынша сұхбаттасу өткізу үшін «қоғамдық денсаулық сақтау және биомедицина» мектебінің қызметкерлері белсене ат салысуда.

Білім орындары біздің өтінішімізді ықыласпен қабылдады және бүгінгі күнге дейін жекелеген білім беру ұйымдары деңгейінде де, тұтас аудандар мен қалалар деңгейінде де 20-дан астам сұхбаттасу өткізілді. Оқу орындарының басшыларынан кездесулер өткізу туралы өтініштер келуі жалғасуда. Кәсіптік бағдар беру бойынша жұмысты ұйымдастыруға және өткізуге декан Даулеткалиева Ж.А., профессор Калишев М.Г., оқытушылар Блялова А.К. және Шайхина Ж.К.белсенді қатысты.Оқушыларға біздің университеттің жоғары мәртебесі мен артықшылықтары, негізгі білім беру бағдарламалары, мамандықтар бойынша кәсіби мансап болашағы туралы егжей-тегжейлі айтылды.Медициналық колледждердің түлектерін "Қоғамдық денсаулық сақтау"бакалавриатының білім беру бағдарламасы бойынша қысқартылған оқыту нысанының болуы аса қызықтырды.Біздің университет туралы ақпарат Telegram-Bot, Faсebook, Instagram әлеуметтік желілерінде орналастырылған.


0
1971

пікірлер

пікір қалдыру үшін.