Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Медициналық білім беру: ХХІ ғасыр жастарының таңдауы

Медициналық білім беру: ХХІ ғасыр жастарының таңдауы

25 Мамыр 2021

2021 жылдың 14 мамырында Қазан мемлекеттік медицина университетінің ұйымдастыруымен "Медициналық білім беру: ХХІ ғасыр жастарының таңдауы" атты VII халықаралық оқу-әдістемелік конференциясыболып өтті. Конференцияның спикерлері жақын және алыс шетелдердің медициналық білім беру көшбасшылары болды, атап айтсақ: Карим Каюми - Британ Колумбия университетінің профессоры (АҚШ), Джефри Вонг - Пенсильвания Университетінің профессоры (АҚШ), Янис Залкалис - Рига Страдыня университетінің медицина факультетінің профессоры, Маджид Садиг - Вермонт университетінің профессоры (АҚШ). Конференция пандемия кезіндегібілім беру мен оқытуды талқылайтын алаңға айналды.

Виртуалды технологияларды дамыту бойынша университетіміздің жетістіктерін «ҚМУ» КеАҚ симуляциялық және білім беру технологиялары орталығының директоры Кемелова Гульшат Сейтмуратовна таныстырды. Open Labyrinth платформасындағы клиникалық сценарийлер тыңдаушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Гульшат Сейтмуратовна пандемия кезінде виртуалды технологияларды енгізудің маңыздылығы мен ерекшеліктерін атап өтті.

Конференцияға белсенді қатысқан біздің университеттің қатысушыларына сертификаттар берілді.


0
1845

пікірлер

пікір қалдыру үшін.