Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Мектеп оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру

Мектеп оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру

09 Маусым 2021

2021 жылдың 17 мамырында Ғ. Мұстафин атындағы №83 жалпы орта білім беру мектебінде PhD, Қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебінің қауымдастырылған профессоры А.О. Омарова кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізді.

Әкімшіліктің бастамасы және оқушылардың қалауы бойынша кездесу офлайн форматта ұйымдастырылды, онда А.О. Омарова ҚДжәнеБ мектебінің білім беру бағдарламаларын және олардың ерекшеліктерін ұсынды. 2020-2021 оқу жылында орыс тілінде оқытатын 48 оқушы осы мектепті бітіреді, олардың жартысы химия-биологиялық бағытта оқыды. Кездесу барысында оқушылар оқу траекториясы, білім алушылардың оқу кезеңі мен оқу аяқталғаннан кейінгі мүмкіндіктері туралы көптеген сұрақтар қойды.

Кездесуді ұйымдастыруға көмектескені үшін №83 ЖОББМ әкімшілігіне алғыс білдіреміз және түлектерді Қарағанды медицина университетінің қабырғасында күтеміз.


0
1644

пікірлер

пікір қалдыру үшін.