Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жас ғалымдар байқауының жеңімпазын құттықтаймыз

Жас ғалымдар байқауының жеңімпазын құттықтаймыз

11 Маусым 2021

2021 жылғы 28-29 мамырда С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ базасында online режимінде «Клиникалық, эксперименттік неврология, нейрохирургия, нейрофизиологияның өзекті мәселелері» халықаралық қатысуымен ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция жұмысына неврология және сабақтас мамандықтардың әртүрлі салаларындағы жетекші отандық және шетелдік сарапшылар белсенді қатысты. Неврологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістері, функционалдық диагностика саласындағы заманауи технологиялар, медициналық оңалту саласындағы соңғы әзірлемелер ұсынылды. Біздің ЖОО-дан мейіргерлік денсаулық сақтауды реформалау жағдайында медициналық оңалтуды ұйымдастыру мәселелері бойынша мейіргерлік білім беру мектебінің қызметкерлері белсенді қатысты: м.ғ.д., проф. Киспаева Т.Т. 1-ші оқу жылының магистранттары С. Айтуова, М.А. Сейтбаева және дәрігер-интерн А.Ә Бұршақ.

Магистранттар Айтуова С.Ж., Сейтбаева М., интерн Бұршак А.Ә. «Жас ғалымдар мектебі» сателлиттік симпозиумында жас ғалымдар конкурсына қатысып, өздерінің магистрлік зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды.

Өткізілген конкурс нәтижесінде қазылар алқасының мүшелері магистрант М.Сейтбаеваның баяндамасын жоғары бағалап, жас ғалымдар байқауында Сovid-19 бастан кешкен пациенттерді когнитивті диагностикалау және оңалту бойынша баяндамамен 3 орын (жетекшісі м.ғ.д., проф. Киспаева Т.Т.) берді.

Жеңісіңізбен құттықтаймыз!


0
1705

пікірлер

пікір қалдыру үшін.