Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Клиникалық психологтар мен психотерапевтердің кездесуі

Клиникалық психологтар мен психотерапевтердің кездесуі

23 Маусым 2021

18.06.2021 ж.  КеАҚ ҚМУ webex платформасында "клиникалық психология, шекаралық психиатрия және психоәлеуметтік оңалту: денсаулық сақтауға жол" атты халықаралық мамандардың қатысумен онлайн ғылыми-практикалық конференция өтті. Форум, ҚММИ психиатрия кафедрасының бұрынғы меңгерушісі, доцент, белгілі психотерапевт Людмила Степановна Гурованыңқұрметіне арналған еді.

  Пленарлық отырыс Л.С. Гурованың кәсіби жолына, психиатриялық ғылым мен практикаға, шекаралық психиатрияны, клиникалық психология мен психотерапияны дамытуға қосқан үлесіне арналды.

 Пленарлық секцияда бағдарламалық баяндамамен, Халықаралық әлеуметтік психотерапия институтының ректоры, Бүкілресейлік кәсіби психотерапиялық лиганың вице-президенті, профессор Катков Александр Лазаревич деструктивті әлеуметтік індеттердің жаһандық проблемасын, сондай-ақ әлеуметтік психотерапияның қалыптасуының өзекті мәселелерін және психикалық денсаулық саласындағы мамандардың ұстанымын ұсынды.

   Клиникалық психология, шекаралық бұзылулар және өзін-өзі бұзатын мінез-құлық секцияларында Қазақстан мен Ресейдің әртүрлі қалаларынан келген психологтар мен психотерапевтердің баяндамалары тыңдалды. Әріптестерім қызу талқылап, конференцияда қаралған барлық тақырыптардың мамандардың дағдылары мен кәсіби өсу ауқымын кеңейту үшін, маңызы зор екендігі туралы пікірлер айтылды.

  Қарағанды медицина университетінің неврология, нейрохирургия, психиатрия және реабилитология кафедрасының психиатрия курсы, конференция тақырыптарының өзектілігін түсіне отырып, оны жыл сайын конференция материалдарын электронды форматта жариялауды жоспарлап отыр.

 КеАҚ ҚМУ

неврология, нейрохирургия,

психиатрия және реабилитология

кафедрасының асс. профессоры

Мациевская Л. Л.


0
1836

пікірлер

пікір қалдыру үшін.