Жастардың инклюзивті жобасы
ҚеАҚ «Қарағанды медицина университеті» Мейіргерлік білім
беру мектебінің студенті Беляков Евгений жастардың инклюзивті
"ITeachMe" жобасының V-ші маусымына арналған іріктеуден сәтті өтті.
"ITeachMe" қоғамдық қоры - құзыреттілікті дамыту орталығы Қазақстан Республикасының барлық аумағында ерекше қажеттіліктерді қажет ететін тұлғаларды қолдау бойынша жобаны іске асырады, және де ақпараттық - технологиялар салаларының ең заманауи бағыттары (Motion Design, UI/UX Design, SMM және копирайтинг, Графикалық дизайн, мобилография) бойынша тегін дағдыларды алуға мүмкіндік береді.
Жобаға қатысу үшін конкурстық іріктеуге 600-ден астам өтінім беріліп, соның ішінен финалға 20 өтінім іріктеліп алынды. Сол іріктелген жеңімпаздардың ішінде біздің студент Беляков Евгений де бар. Оқыту Алматы қаласындағы "ITeachMe" лагерінде өтті. 5 күн бойы қатысушылар soft skills бойынша бизнес-тренингке қатысып, өзін-өзі таныстыру және сұхбат алу техникасын үйреніп, өздерінің шағын бейнефильмдерін жасады, сондай-ақ бос уақыттарында демалып, ән айтып, түрлі ойындар ойнады.
Бес күндік бизнес-тренинг аяқталғаннан кейін қатысушылар бір ай мерзімде онлайн курс арқылы hard skills меңгеріп, өз бизнес-жобасының тұсаукесерін сәтті қорғағаннан кейін осы курсты өткені туралы сертификат алады, ал солардың ішіндегі үздіктері жұмысқа орналастырылады. Бұл қордың бас демеушісі - АҚШ-тың ең ірі интеграцияланған энергетикалық компаниясы Chevron болып табылады.
Исатаева Г.М., СББТО инспекторы,
Инклюзивті білім беру бойынша
жұмыс тобының хатшысы