Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
"Тиімді оқытушы"

"Тиімді оқытушы"

20 Шілде 2021

2021 жылдың 12-16 шілде аралығында КеАҚ "ҚМУ" симуляциялық және білім беру технологиялар орталығы "Тиімді оқытушы" (базалық курс) тақырыбында ПОҚ педагогикалық біліктілігін арттыру курсын өткізді. Курс тыңдаушылары ретінде КеАҚ "Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің", КеАҚ "Семей медицина университетінің" және КеАҚ "Қарағанды медицина университетінің" (морфология және физиология кафедрасы) оқытушылары қатысты.

Оқыту "Webex" платформасында қашықтықтан өтті. Біліктілікті арттыруды академиялық жұмыс жөніндегі проректор, медициналық білім берудің халықаралық магистрі, Маастрихт университетінің (Нидерланды) түлегі Риклефс Виктор Петрович пен СББТО директоры, Халықаралық медициналық университеттің (Малайзия) "Болашақ" бағдарламасы бойынша түлегі Кемелова Гулшат Сейтмуратовна жүргізді.

Оқыту бағдарламасы шеңберінде оқытудың белсенді әдістерін тиімді қолдану, бағалаудың объективті әдістерін пайдалану және студенттерді оқыту нәтижелеріне қол жеткізуге ынталандыру және жігерлендіру мақсатында сындарлы кері байланыс беру туралы ақпарат ұсынылды. Базалық курс соңында тыңдаушылар алғыстарын білдіріп, педагогикалық біліктілікті арттыру курсының өзектілігін атап өтті.


0
1762

пікірлер

пікір қалдыру үшін.