Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тәуелсіз бақылаушылар

Тәуелсіз бақылаушылар

18 Тамыз 2021

9 тамызда мониторингтік топ резидентураға түсу емтихандарын өткізу рәсімін бақылау бойынша жұмысты жалғастырды. Топ құрамына "Nur Otan" партиясы "Jas Otan" Жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Хамитов Ержан, ҚМУ КеАҚ комплаенс-офицері Урмашов Александр, "Nur Otan" партиясы "Jas Otan" Жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалының консультанты Мажитов Арафат кірді.

  Jas Otan-ның негізгі міндеттерінің бірі жоғары оқу орындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тұрғысынан тұрақты мониторингін жүзеге асыру және білім беру ортасында академиялық адалдықты қалыптастыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатта симмуляциялық және білім беру технологиялары орталығының директоры Кемелова Гүлшат тәуелсіз бақылаушыларды орталықтың білім беру процесінде пайдаланылатын жоғары технологиялық жабдығымен, СББТО-да емтихандар өткізу рәсімдерімен және анонимді сауалнама арқылы білім алушылармен кері байланысты жүзеге асыру технологиясымен таныстырды.

  Қабылдау емтихандары медицинадағы шұғыл жағдайлардың 5 станциясы бойынша "Объективті Құрылымдалған Клиникалық Емтихан (ОҚКЕ)" әдісі бойынша өткізілді. Бұл әдіс сыбайлас жемқорлықты барынша жояды және бағалау кезінде тәуекелдерді барынша азайтады. "Үміткер емтихан алдында арнайы сәйкестендіру нөмірін ала отырып тіркеледі, ал тәуелсіз емтихан алушылар тестіленушінің деректерін білмей, балды сәйкестендіру нөмірі бойынша электрондық құрылғы арқылы бағалайды және қояды. Ең соңында емтиханнан өткендердің деректерін ашу жүргізіледі", - деп атап өтті Гүлшат Сейітмұратқызы.

  Резидентураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау қағидаларына сәйкес оқуға қабылдау түсу емтиханының қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Үміткер ықтимал 100 балдан кемінде 75 балл жинауы тиіс, ал грант ең жоғары балл жинаған адамдарға ғана беріледі. Осы жылы аталған әдіс бойынша түсу емтихандарының рәсімінен 2019 жылға дейін интернатураны бітірген үміткерлер өтетінін, ал 2020 және 2021 жылғы түлектерге тәуелсіз емтихан нәтижелері есептелетінін атап өту қажет.

  Бұл емтихан білім беру грантын беруге арналған конкурстың құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады – сондай-ақ соңғы күнтізбелік 3 жылдағы GPA, ғылыми жетістіктер, ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер, ғылыми стипендиялар, гранттар беру туралы сертификаттар, ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысқаны үшін грамоталар/дипломдар ескеріледі. Сондай-ақ, COVID-19 пандемиясы кезінде жұқпалы аурулар ауруханаларында, оның ішінде еріктілер ретінде кәсіби тәжірибесі мен жұмысы үшін ұпайлар беріледі. Барлық үміткерлердің қорытынды бағасын университеттің кафедра меңгерушілері мен оқытушыларынан тұратын арнайы емтихан комиссиясы бекітеді.

  Байқаушылар түсу емтихандарын ұйымдастырудың жоғары деңгейін және үміткерлердің білімін бағалаудың объективтілігін атап өтті. Топ жұмысының қорытындысы бойынша университеттің және "Jas Otan" жастар қанатының қоғамдық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тәжірибелерді жақсарту желісі бойынша одан әрі ынтымақтастығына жоспарлар белгіленді.

#anticor

#MUKCompliance

#MUKSanalyUrpaq


0
1589

пікірлер

пікір қалдыру үшін.