Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жазғы мектеп

Жазғы мектеп

20 Тамыз 2021

«МУК» КЕАҚ Симуляция және білім беру технологиялары орталығының базасында 2021 жылдың 16-20 тамыз аралығында халықаралық факультеттің 1 - 5 курс студенттері үшін «Негізгі медициналық манипуляциялар бойынша имитациялық оқыту» Жазғы мектебі өткізілді. Жазғы мектепке қатысушылар университет ғимаратына «Ashyq» қосымшасы арқылы қабылданды, тренингтер кезінде коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша барлық санитарлық -эпидемиологиялық шаралар сақталды.

Жазғы мектептің бірінші күнінде тыңдаушылар үшін СБТТО – да экскурсия откізіліп орталықтың жабдықтарымен таныстырды.Студенттер Anatomage Table, Body Interact, Academic 3D, Apollo, Sim Man, Sim Mama, Sim Baby, Telementor және басқа  манекендердің мүмкіндігімен  таныстырылды.  Күн сайын студенттер негізгі дағдыларды шыңдады, инъекцияның әр түрін үйренді, негізгі жүрек -өкпе реанимациясының алгоритмін жасады, сонымен қатар сыртқы қан кетуді тоқтату үшін қажетті шараларды орындады ж.б.

Негізгі практикалық дағдыларды оқытудың негізгі мақсаттарына Жазғы мектепке қатысушылардың барлығы дерлік қол жеткізді.Жазғы мектепке қатысушылардың саны 117 адамды құрады.«Негізгі медициналық манипуляциялар бойынша имитациялық оқыту» Жазғы мектебін аяқтаған барлық студенттерге 60 сағат көлемінде сертификаттар берілді (2 кредит).

Оқушылар жазғы мектептің жұмысына үлкен ынтамен қатысып, оның ұйымдастырылуын жоғары бағалады, сонымен қатар жыл сайын осындай тренингтерге қатысуға ниет білдірді.

Тәжірибелік дағдыларды жаттықтырушы Тимахович М.В.


0
2112

пікірлер

пікір қалдыру үшін.