Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Оқу және шабыттану

Оқу және шабыттану

22 Қыркүйек 2021

2021 жылдың 17 қыркүйегінде  Симуляциялық және білім беру технологиялары орталығында «Жалпы медицина» мамандығының 5 курс студенттері кідіріссіз жағдайлар бойынша симуляциялық курсты аяқтауына орай «Төтенше жағдайлар территориясы» атты байқауы өткізілді. Әр түрлі жағдайдағы бес клиникалық жағдай қолданылып, бұл студенттерден кідіріссіз көмек көрсетудің хаттамалары мен сәйкес алгоритмдерді білуді талап етті.

Байқауға 7 топ, атап айтсақ 5020, 5040, 5055, 5037, 5038, 5032  студенттері қатысты. Чек- парақтарына сәйкес қорытынды бақылау нәтижелері бойынша өз шеберліктерін жақсы көрсеткен үш үздік топ анықталды. Дайындықтары ең мықты болып, алға суырылып шығып, 1 орынды иеленген  -  ЖМ 5032 тобы болды. Екінші орынды- ЖМ 5055 тобы және үшінші орынды-ЖМ 5058  топтары  иеленді.

Байқау аяқталысымен дебрифинг жүргізіліп,  берілген клиникалық дағдыларды студенттер қаншалықты сапалы меңгергендігі талқыланды. Студенттер өздерінің әлсіз жақтарын жақсарту үшін жоспар құрып, әрі қарай оқуға  деген ынталары артып, шабыттана түсті.


0
1423

пікірлер

пікір қалдыру үшін.