Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Парасаттылық мәдениеті

Парасаттылық мәдениеті

01 Қазан 2021

28 қыркүйекте «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде PechaKucha (TedX) форматында жастар қозғалысының көшбасшыларымен, еріктілер белсенділерімен және ЖОО студенттерімен кездесуге қатысты. Іс-шараны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша Департаменті және «Сарыарқа-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Жастар саясаты мәселелері Басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды. Кездесудің спикері университеттің комплаенс-офицері Урмашов Александр болды.

Александр Николаевич академиялық адалдықтың негізгі ұғымдарын, Академиялық адалдық Лигасы қызметінің қағидаттарын түсіндірді, сонымен қатар «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ тәжірибесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және академиялық адалдық еместің деңгейін төмендету бойынша нақты кейстер көрсетілді. Айта кету керек, бұл жоба жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, өскелең ұрпақты және халықтың өзге де әлеуметтік топтарын тәрбиелеу мақсатында жүзеге асырылуда.

Комплаенс-офиспен кездесу барысында университеттің «Сарыарқа-адалдық алаңы» жобалық офисімен және «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалымен ЖОО-ның ашық қызметін қамтамасыз ету саласында одан әрі өзара іс-қимыл жасау бойынша жұмыс жүргізілді.


0
1337

пікірлер

пікір қалдыру үшін.