Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Бакалавриат студенттерінің дағдыларын бағалаудағы«Кідіріссіз жағдайлар аймағы»

Бакалавриат студенттерінің дағдыларын бағалаудағы«Кідіріссіз жағдайлар аймағы»

04 Қазан 2021

2021 жылдың 29 қыркүйегінде Жалпы медицина мамандығының 5 курс студенттеріне арналған симуляциялық және білім беру технологиялары орталығында "Кідіріссіз жағдайлар бойынша симуляциялық курс" оқу циклының соңында "Кідіріссіз жағдайлар аймағы" – «Жол-көлік апаты кезінде зардап шеккендерге кідіріссіз көмек көрсету» бойынша байқау болып өтті.

Байқау сценарийінде әр түрлі жағдайдағы 5 клиникалық жағдай қолданылды, олар студенттерден жедел жәрдем хаттамаларын және тиісті алгоритмдерді білуді талап етті.

Байқауға 5022, 5023, 5031, 5035, 5036, 5048 және 5049 топ студенттері қатысты. Ең жақсы дайындықпен келіп, 1 орынды иеленген 5031 ЖМ тобы болды. Екінші орынды 5022 ЖМ тобы және үшінші орынды 5023 ЖМ тобы иеленді. Байқау соңында дебрифинг өткізіліп, онда студенттердің  клиникалық жағдайлар бойынша практикалық дағдыларды меңгеру сапасы талқыланды.


0
1329

пікірлер

пікір қалдыру үшін.