Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Ұстаз - ұлы тұлға

Ұстаз - ұлы тұлға

05 Қазан 2021

Қазан айының 4 -нші жұлдызында "Самұрық" Студенттік Республикасының бастамасымен ұстаздар мерекесіне арнайы, Университеттің Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасы мен  морфология және физиология кафедрасының ұстаздары қатысқан "Ұстаз ұлы тұлға" атты шара өткізілді.

Университетке алғаш келіп жатқан студенттерді Қарағанды Медицина Университетінің тарихымен таныстырды. Викториналық сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Сұрақ-жауап шараға қатысып отырған оқытушыларға да,студенттерге де өте қызықты болды. Арасында Морфология және физиология кафедрасының ассистент-профессорлары Карибжанова Роза Төкетаевна, Шапатова Гулмира Букейхановна, Кусаинова Багира Сериковна, Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының ассистент-профессоры Абдрахманова Камшат Жаксылыковна кафедралары туралы таныстырып, ой пікірлері мен жылы лебіздерін білдірді. Студенттер ұстаздарына ризашылығын білдіріп шағын музыкалық сәлемдемелерін жолдады. Аталған шараға 1-2 курс студенттері қатысты.


0
1532

пікірлер

пікір қалдыру үшін.