Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қарқаралыға саяхат

Қарқаралыға саяхат

05 Қазан 2021

17-19 қыркүйек айының жайдары демалыс күндері Қарқаралыға саяхатымыз жүзеге асты. Біздің өлкеміздің тарихын, табиғатын және белсенді, салауатты өмір салтын жақсы көретін – 9 адамнан тұратын шағын тобымыздың құрамында студенттер, интерндер мен жас дәрігерлер болды. Жоспарланған 3 күн ішінде біз Қарқаралының 4 шағын тауларына саяхатқа шықтық, сонымен қатар күзгі қарқаралы орманында серуендеп, Сарыарқаның шексіз кеңістігімен сүйсініп, көркем Бассейн көлінде болдық.

Қарқаралының кіре берісінде қазақтың зиялы қауым өкілдеріне жақында орнатылған ескерткішіне де бардық, ол жерде алаш қозғалысы тарихы мен оның басты өкілі Әлихан Бөкейханов туралы кішігірім дәріс өткізілді. Саяхатқа қатысушылардың пікірі бойынша – осы күндер барлығымыз үшін қызықты және мазмұнды болды!

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы, тарихи-өлкетану үйірмесінің басшысы А.Б. Долгополов                             


0
1475

пікірлер

пікір қалдыру үшін.