Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті

«Baursak Party»

17 Қазан 2021

Әлемдегі ең танымал тағамдардың бірі, әрине - нан. Жыл сайын 16 қазанда Дүниежүзілік нан күні аталып өтіледі. Қазақта «Нан болса, ән де болады» деген мақал бар.

  2021 жылдың 15 қазанында «Тәуелсіздік күніне 30 қадам» марафонының аясында Симуляциялық және білім беру технологиялар орталығы мен Фармакология кафедрасының қызметкерлері Дүниежүзілік нан күнін атап өтті. Орталық қызметкерлері  қазақ халқының ұлттық наны, яғни бауырсақтарды пісіріп, орталықтың дәлізінде студенттерге арнап «Baursak Party» атты дастархан жайды. Студенттердің патриоттық сезімін ояту үшін іс-шарамызды «Атамекен» атты әнімен бастадық.

Мерекелік іс - шарамыздың  қонағы ретінде оқу ісі жөніндегі проректоры В.П. Риклефс шақырылды. 


0
1461

пікірлер

пікір қалдыру үшін.