Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Сарыарқа мақтанышы

Сарыарқа мақтанышы

18 Қазан 2021

15.10.21 ж Қарағанды қаласындағы Ж. Бектуров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Арқаның ардақты ақсақалы» атты республикалық онлайн-конференция өтті. Жазушы, журналист, КСРО жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері Ж. Бектуровтың  мемориалдық кабинет-музейінің ашылуының 20 жылдық мерейтойына арналған, рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткізілген шара болды.

Іс-шараның мақсаты Ж.Бектуровтың артында қалған асыл мұраларын жастарға кеңінен насихаттай отырып, отансүйгіштікке баулу, білімге, кітап оқуға, мәдени деңгейін көтеруге онлайн-конференцияға Қазақстан журналистер одағының мүшесі, белгілі жайықтанушы Дәуешов Е.Д.; Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Жанысбай С; ардагер ұстаздар, ғалымдар қатысып баяндама жасады.

Қарағанды медицина университеті Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының ассистент-профессорлары Аралбай Сакен, Алиева Меруерт, Абдрахманова Камшат, Алипбекова Гүлайым топтарымен көрермен ретінде қатысып тыңдады.


0
1380

пікірлер

пікір қалдыру үшін.