Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Отан тарихымен танысу

Отан тарихымен танысу

19 Қазан 2021

Қазан айының 16-шы жұлдызында "Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер" кафедрасының ассистент-профессоры Абдрахманова Камшат Жақсылыққызының жетекшілігімен "Самұрық" СР бірлесіп Карлагқа экскурсия ұйымдастырылды.

Қарағанды облысының Долинка кентінде орналасқан Карлаг музейіне жасалған экскурсия барысында студенттер саяси қуғын-сүргін құрбандарының көргендерін өз бастарынан өткізгендей күй кешті. Аурасы өте ауыр болса да,студенттерге тарихтың кейбір тұстарына басқаша көзқараспен қарайтындай ой қалдырды. Студенттер экскурсия барысында Отандық тарихтың сол бір ауыр кезеңдерін көздерімен көріп,сезінді. Студенттер үшін арнайы ұйымдастырылған экскурсияның мақсаты,өткен тарихқа тағзым етіп,сабақ алу, адами құндылықтарды жоғары бағалайтын ұрпақ тәрбиелеу.

Экскурсияға стоматология, фармация, медицина мектебінің бірінші курс қатысты.


0
1611

пікірлер

пікір қалдыру үшін.