Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлықсыз Медицина

Сыбайлас жемқорлықсыз Медицина

27 Қазан 2021

23 қазанда комплаенс-офис "Самұрық" Студенттік Республикасымен бірлесіп университеттің "Sanaly urpaq" студенттік клубының слетін ұйымдастырды.

Іс-шараны ашқан комплаенс-офицер Александр Урмашов қатысушыларға Академиялық адалдық кодексінің негізгі ережелерін, Академиялық адалдық лигасының негізгі қағидаларын түсіндіріп, университетте құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесі және  сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойлауды қалыптастыру туралы айтып берді. "Медицина университеті үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және жою, парасатты академиялық ортаны қамтамасыз ету стратегиялық даму басымдықтарының бірі болып табылады. 2018 жылдан бастап Қарағанды медицина университеті академиялық адалдық Лигасының толық құқықты мүшесі болып табылады, ол Лиганың елдегі білім беру сапасын жақсарту және арттыру бойынша миссиясын академиялық адалдықтың негізгі он қағидасын алға жылжыту және жүзеге асыру арқылы адал жүзеге асырылуына кепілдік береді", - деп қорытындылады Александр Николаевич.

"Самұрық" Студенттік Республикасының Президенті Райбаев Әділет өз сөзінде слетке қатысушылардың университеттің қоғамдық-пайдалы қызметіне қатысудың және денсаулық сақтау жүйесіндегі болашақ парасатты маманның дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығына назарын аударды. Сондай-ақ, білім алушылардың алдында "Самұрықтың" сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл министрі Таңатар Арайлым сөз сөйледі, ол өз Министрлігінің және "Sanaly urpaq" студенттік клубының қызметін таныстырды. 

Слет соңында "Самұрық" Студенттік Республикасы ұйымдастырған "Сыбайлас жемқорлықсыз Медицина" бейнероликтер байқауының қорытындысы шығарылды. Университеттің студенттік активінен құралған қазылар алқасының командасы "Жалпы медицина" білім беру бағдарламасының 1-023 тобы түсірген бейнероликті жеңімпаз деп анықтады. Байқау жеңімпаздары дипломдармен және университет символикасы бар естелік сыйлықтармен марапатталды, ал барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.


0
1409

пікірлер

пікір қалдыру үшін.