Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Улкенге құрмет

Улкенге құрмет

29 Қазан 2021

Біз оларға өтелмейтін қарыздармыз және  олардың өмірін барынша қуанышты және жағымды етуге тырысуымыз қажет. Қарт жандар әрқашанда жағымды қарым - қатынасқа зәру. Осыған орай «ҚМУ» КеАҚ  оқытушылары Лосева И.В., Кокжалова М.З.және 1-005 топ Фармациялық өндіріс технологиясы бағдарламасында оқитын топ студенттері еңбек ардагерлеріне күтім жасау борышын өтеуде. Осы жолы біздің еріктілер Алькенова Умут Султановна, Кияшева Турсун Жакеновна, Тулегенова Жумагуль Мусаевна, Митерев Владислав Александрович үйлеріне барып қайтты.

 Егде жастағы адамдар көңіл аударғанымызға қуанып, жылылықпен жауап қайтарды. Достық шәй ішу үстінде студенттер ардагерлердің еңбек жолдарымен танысты. Еңбек сіңірген ардагерлердің жас ұрпақпен әңгімелесуге деген ықыласы мол екендігі көрініп тұрды. Кездесу үстіндегі ардагерлердің кәріліктеріне қарамастан жаны жайсан және келешек ұрпаққа берер ақылы мол екендігіне еріктілер әсерімен бөлісті. 


0
1344

пікірлер

пікір қалдыру үшін.