Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Есентүгел Елеукенмен " Адалдық сағаты"

Есентүгел Елеукенмен " Адалдық сағаты"

02 Қараша 2021

28 қазанда Қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебінде кезекті "Адалдық сағаты" өткізілді. Жоба аясында мектеп білім алушылары Қазақстан КТК Одағының Президенті Есентүгел Елеукеннің тарихымен таныстырылды.

Есентүгел Баймұханбетұлы Елеукен - "Қазақстан КТК Одағы" Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті. 1973 жылы 5 желтоқсанда Ақтөбе облысы Шалқар ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1990 жылы Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз совхозында бастаған. 1991 жылы Оңтүстік-Қазақстан техникалық университетіне түсіп, 1996 жылы "Технологиялық процестер және өндірістерді автоматтандыру" мамандығы бойынша бітірді. 

Әскери атағы-запастағы офицер. 1996-99 жылдары Халықаралық қазақ-түрік университеті Жаратылыстану-гуманитарлық институтының "Биоэкология" кафедрасында стажер-зерттеуші. 1998-2002 жылдары "Юмакс" радиосында қатардағы қызметкер болып жұмыс істеп, қазақ редакциясының бас редакторына дейін көтерілді. 2002-2005 жылдары-"КТК қазақ лигасы" РҚБ вице-президенті. 2005 жылдан - "Қазақстан КТК Одағы" Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті.

Мектеп деканының орынбасары Камарова Айсулу Макашовна да қатысушылардың Академиялық адалдық нормаларын сақтаудың және парасаттылық қағидаттарына негізделген денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің болашақ жауапкершілігінің маңыздылығына назарын аударды.


0
1477

пікірлер

пікір қалдыру үшін.