Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Медицина виртуоздары» тәжірибелік дағдылар бойынша халықаралық олимпиада жеңімпаздары

«Медицина виртуоздары» тәжірибелік дағдылар бойынша халықаралық олимпиада жеңімпаздары

03 Қараша 2021

2021 жылдың 26-27 қазанында «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ Мейіргерлік білім беру мектебінің «Мейіргер ісі» академиялық бакалавриатының 3 курс студенттері Ташкент медицина академиясының ұйымдастыруымен «Медицина виртуоздары» тәжірибелік медициналық дағдылар бойынша I-Халықаралық олимпиадаға қатысты.

  Олимпиаданың мақсаты тәжірибелік медициналық дайындық сапасын арттыру, клиникалық ойлауды қалыптастыру және тәжірибелік дағдыларды пысықтау, сондай-ақ медицинадағы жоғары технологиялық бағыттардың білімдері мен жетістіктерін насихаттау болып табылады.

  Біздің студенттер тәжірибелік дағдыларын табысты көрсетті және Ташкент медициналық академиясының симуляциялық орталығындағы барлық 3 бекеттен өтті: №1 бекет «Симулятордағы мәселені шешу (виртуалды науқас)»; №2 бекет «Симулятордағы шұғыл көмек көрсету дағдылары»; №3 бекет «Қол дағдыларын көрсету».

Командалық сайыста Жеңіс Жангүл мен Аршкенов Асыл Болатұлы «Ең ерекше команда»номинациясы бойынша жеңімпаз дипломдарымен марапатталды.

  Қарағанды медицина Университетінің «Мейіргерлік білім беру» мектебінің студенттерін Жеңіс Жангүл мен Аршкенов Асыл Болатұлын практикалық дағдылар бойынша халықаралық олимпиададағы жеңістерімен құттықтай отырып денсаулық пен табыс тілейміз.

  Ташкент медицина академиясының ректоры Алишер Каюмович Шадмановқа және Ташкент медицина академиясының Халықаралық факультетінің деканы Жахонгир Жәмшидұлына біздің студенттеріміздің «Медицина виртуоздары» тәжірибелік медициналық дағдылар бойынша I-Халықаралық олимпиадаға қатысуын ұйымдастырғаны және оған қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз.

Деканның әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары А.И. Оңғарбаева


0
1525

пікірлер

пікір қалдыру үшін.