Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік жоба

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік жоба

03 Қараша 2021

2 қарашада «Antikor Ortalygy» – да Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша Департаменті және «Сарыарқа-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ұйымдастырған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік жоба» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау өткізілді. Конкурс жеңімпазы болып 7 курс интерні Камашева Гульнараның «Academic Integrity» жобасы жарияланды. «Bolashaq» Академиясының білім алушыларының жобасы да атап өтілді.

Конкурстық жұмыстарды Департаменттің, жобалық кеңсенің және жастардың үкіметтік емес ұйымдарының Құзыретті өкілдері қатарынан сарапшылар тобы іріктеп алғанын атап өту қажет. Байқау жеңімпаздары жобаның әлеуметтік маңыздылығы мен авторлық шығармашылық ерекшеліктерінің көрінісі сияқты критерийлерге сәйкес анықталды.

Гүлнардың жобасы біздің облысымыздың жоғары оқу орындарының бірыңғай кеңес құру бөлігіндегі күш-жігерін, «Sanaly Urpaq» облыстық клубын құру, жоғары оқу орындарының барлық студенттік клубтарының күшін, Академиялық адалдық лигасының қағидаттарын енгізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы айқас сыртқы мониторингтерді өткізу бөлігінде біріктіруді көздейді.

Департамент басшысының бірінші орынбасары Асхат Оразхан байқау жеңімпаздарын құттықтап, сонымен қатар диплом мен ақшалай сертификат табыс етті.

Университеттің қызметкерлері мен білім алушылары Гүлнарды жеңісімен құттықтап, жаңа жетістіктер мен шабыт тілейді!


0
1580

пікірлер

пікір қалдыру үшін.