Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Дәрігердің қолжазбасы

Дәрігердің қолжазбасы

17 Қараша 2021

2021 жылдың 10 қарашасында Симуляциялық және білім беру технологиялар орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке 30 қадам» марафоны аясында «Дәрігердің қолжазбасы» атты байқауы өткізілді.

 Бүгінгі таңда ғаламтор кеңістігінде жиі талқыланатын тақырыптың  бірі – бұл дәрігердің жазуы болғандықтан, біз шынымен де дәрігерлердің жазуы қаншалықты түсініксіз екенін тексеруді жөн көрдік. Іс-шараға «Жалпы медицина» мамандығының 5 курс студенттері арасынан 25 студент қатысты. Байқаудың шарты бойынша шектеулі уақыт ішінде пациентке дәрілік рецепт жазып беру керек болды.

 Байқау нәтижесі бойынша барлық студенттердің жазған дәрілік рецептері  түсінікті, әрі каллиграфиялық әдемі жазылған болды. Енді біз университетіміздің студенттері медициналық рецептерді тез жазудың керемет дағдыларына ие деп сеніммен айта аламыз. Студенттер байқауға асқан ықыласпен қатысып, біздің бастамамызды оң бағалады.


0
1398

пікірлер

пікір қалдыру үшін.