Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Рухани жаңғыру ұлттық тұлғаның этноәлеуметтенуінің психологиялық қалыптасу факторы ретінде» атты университет аралық ғылыми-тәжірибелік онлайн семинары

«Рухани жаңғыру ұлттық тұлғаның этноәлеуметтенуінің психологиялық қалыптасу факторы ретінде» атты университет аралық ғылыми-тәжірибелік онлайн семинары

29 Қараша 2021

2021 жылдың 26 қарашасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің психология кафедрасының онлайн қатысуымен «Рухани жаңғыру - ұлттық тұлғаның этноәлеуметтенуінің психологиялық қалыптасу факторы ретінде»  тақырыбында университет аралық ғылыми-тәжірибелік онлайн семинарын өткізді. 

Семинарға Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары қатысты. Ғылыми-тәжірибелік онлайн семинар қонақтары: Нұр-Сұлтан қ., Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің педагогика ғылымдарының докторы, профессор Кертаева Г.М., Алматы қ., ҚазҰУ-нің психология ғылымдарының докторы, психология кафедрасының профессоры Кабакова М.П., Қарағанды техникалық университетінің философия ғылымдарының докторы, қауымдастырылған проффесоры Нұғман Б.Ғ. Семинар барысында тұлғаның этноәлеуметтік дамуы психологиялық фактор және ұлттық бірегейлікті сақтау ретінде мәселені ашатын баяндамалар ұсынылды. Ұлттық дәстүр, ұлттық сана мәселелері қаралды. Этноұлттық сәйкестікті қалыптастырудың негізгі мәселелерін талқылады.

Семинардың модераторы – Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ассистент-профессоры – Кусайнова  Маржангул Амантаевна болды.


0
1379

пікірлер

пікір қалдыру үшін.