Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Біздің орталықтағы дене шынықтыру сәті

Біздің орталықтағы дене шынықтыру сәті

30 Қараша 2021

2021 жылдың 30 қарашасында Симуляциялық және білім беру технологиялар орталығында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне 30 қадам» атты марафон аясында студенттер мен СББТО қызметкерлерінің қатысуымен тағы бір қадам дене шынықтыру минуты  болып өтті.

   Салауатты өмір салтын ұстанудың барша адамға әкелер пайдасы ұшан теңіз екені белгілі. Қарапайым қағидаларды сақтай отырып, сіз өзіңіздің денсаулығыңызды едәуір нығайтумен қатар, өмір сүру ұзақтығының артуына ықпал етесіз. Бұл қандай қағида десеңіз, әрине бұл көпшілікке етене таныс  дұрыс және теңдестірілген тамақтану режимі, тұрақты физикалық белсенділік,  тыныш ұйқы және таза ауада серуендеу болып табылады. Сондай-ақ, адам денсаулығын  нығайтуда спорт үлкен рөл атқарады.

Дене шынықтыру минуты - бұл шаршаудың алдын алу, ақыл-ой қабілеттерін қалпына келтіру мақсатында өткізілетін қысқа мерзімді физикалық жаттығулар болып табылады.

СББТО инженері Д.М. Исатаев.


0
1610

пікірлер

пікір қалдыру үшін.