Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Елбасының жазған кітаптары»

«Елбасының жазған кітаптары»

08 Желтоқсан 2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, Қарағанды қаласындағы Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Елбасының жазған кітаптары» атты Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған әдеби-тарихи Вооk Slam сайысы өткізілді.

Сайысқа Қарағанды медицина университетінің барлық мамандықтарының 1-2 курс студенттері белсене қатысты. Сайыс онлайн форматта инстаграм әлеуметтік желісінде ұйымдастырылып, талантты жастар жанкүйерлері арасынан кең қолдау тапты.

 Қорытынды бойынша Қарағанды медицина университетінің Қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебінің 1 курс студенттері Базарбаева Нұржамал мен Рахметоллаева Гүлжайна 2 дәрежелі дипломмен; Жоламан Жанель мен Әбдірахманова Айгүл 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. Іс шараға белсене қатысқан Қоғамдық денсаулық сақтау және биомедицина мамандығының 1-2 курс студенттері алғыс хаттармен марапатталды.


0
1873

пікірлер

пікір қалдыру үшін.