Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Зияткерлерге арналған турнир

Зияткерлерге арналған турнир

14 Желтоқсан 2021

2021 жылдың 11 жұлдызында  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Болашақ жастары» атты облыстық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирге Қарағанды облысының оқу орындарының өкілдері қатысты: академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, Қарағанды техникалық университеті, Қарағанды индустриялық университеті, "Дарын" мамандандырылған мектеп-интернаты, “Қазақмыс” корпорациясының политехникалық колледжі, Бұқар жырау ауданы «Ростовка тірек мектебі».

Турнир студенттерді Қазақстанның болашақ мамандарын қалыптастыру мәселелерін талқылау үшін қоғамдық пікірталасқа тартуға бағытталды.

Пікірсайыс екі кезеңде өтті: іріктеу кезеңі және финал. Ресми формат – «Американдық парламенттік» және «Линкольн-Дуглас».

Қазақ лигасында турнирдің финалы бойынша жеңімпаз атанғандар:

1 орын - "Ақ орда" фракциясы (“Қазақмыс” корпорациясының политехникалық колледжі);

2 орын - "Алтын адам" фракциясы ("Дарын" мамандандырылған мектеп-интернаты);

3 орын - "Жеті қазына" фракциясы (Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті).

Линкольн-Дуглас форматы бойынша:

Ең үздік спикер - Бақыт Нұрай, "Бәйтерек" фракциясы (Қарағанды индустриялық университеті);

Үздік спикер - Мұсақажы Алмат,"Үш жүз" фракциясы (“Қазақмыс” корпорациясының политехникалық колледжі).

Орыс лигасында жеңімпаз атанғандар:

1 орын – «Улагат» фракциясы (Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті);

2 орын – «Пандора» фракциясы (Қарағанды медицина университеті)

3 орын –«Белка и Стрелка» фракциясы (Қарағанды медицина университеті).

Үздік спикер - Шакенов Рустем (Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті).

Қолдау көрсеткен «Белый ветер» интернет – дүкеніне https://shop.kz/ алғыс білдіреміз!


0
1744

пікірлер

пікір қалдыру үшін.