Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Тәуелсіздіктің төртінші онжылдығына кірудеміз

Тәуелсіздіктің төртінші онжылдығына кірудеміз

21 Желтоқсан 2021

14 желтоқсан күні университетіміздің акт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.

Жиынның бастамасы ретінде «Тәуелсіздік - Мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында филология ғылымдарының кандидаты, тілдерді дамыту орталығының доценті Қаукербекова Бағлан Сатибекқызы баяндама жасады.

Басқарма Төрағасы - Ректоры міндетін атқарушы, Стратегиялық даму және ғылым жөніндегі проректор Анар Ақылбекқызы Тұрмұхамбетова әріптестерін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, университетіміздің  барлық ұжымның еңбегі, студенттеріміздің таланты мен талаптарының арқасында осы жылдар ішінде үлкен жетістіктерге жеткенін атап өтті.

Одан әрі мемлекеттік марапаттар мен алғыс хаттарды тапсырудың салтанатты рәсімі өтті:

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы  2 желтоқсандағы Жарлығымен «Халық Алғысы» медалімен жедел медициналық көмек, анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Анестезиология және реаниматология» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санатты дәрігер Васильев Дмитрий Владимирович марапатталды.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен:

1.  Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызы - медицина ғылымдарының докторы, профессор, ректордың кеңесшісі;

2. Приз Владимир Николаевич - Қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебінің еңбек сіңірген профессоры;

3. Тургунова Людмила Геннадьевна - ішкі аурулар кафедрасының профессоры;

4. Сирота Валентина Брониславовна - онкология және сәулелік диагностика кафедрасының профессоры;

5. Миндубаева Фарида Анваровна - морфология және физиология кафедрасының профессор-зерттеушісі;

6. Абеуова Бибігүл Амангелдіқызы - отбасылық медицина кафедрасының профессоры;

7. Абатов Нұркаси Төлепбергенұлы - хирургиялық аурулар кафедрасының профессоры;

8. Тұрдынова Гүлмира Сансызбайқызы - акушерия, гинекология және перинатология кафедрасының профессор - ассистенті;

9. Дюсембаева Айнаш Ермұханқызы - жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасының ассистент-профессоры;

10. Жолдыбаева Гүльфайруз Абылайқызы - онкология және сәулелік диагностика кафедрасының ассистент-профессоры;

11. Айдосов Марат Рахымұлы - стоматология мектебінің ассистенті;

12. Сакенов Талғат Сағындықұлы - стоматология мектебінің ассистенті;

13. Асқаров Мейрамбек Сатыбалдыұлы - хирургиялық аурулар кафедрасының профессоры;

14. Волчанская Светлана Ивановна - пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің басшысы;

15. Нұрмағанбетова Сауле Боташқызы - экономика және қаржы департаментінің директоры - бас бухгалтері;

16. Двуреченская Елена Михайловна - № 4 корпус коменданты.

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың Алғыс хатымен Университеттің және денсаулық сақтау жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін клиникалық жұмыс жөніндегі проректор Көшерова Бақыт Нұрғалиқызы атап өтілді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен:

1.  Жаутикова Сауле Базарбайқызы - медицина ғылымдарының докторы, профессор, патология кафедрасының меңгерушісі;

2. Бейімбетова Маржан Рымханқызы - жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасының доценті;

3. Жұпенова Дана Есімқызы - педиатрия және неонатология кафедрасының профессоры;

4. Арыстан Лейла Ибатуллақызы – отбасылық медицина кафедрасының профессоры;

5. Алмазова Майза Умаровна - ұжымдық пайдалану зертханасының ғылыми қызметкері

6. Бажақов Қазыбек Бажакович - ақпараттандыру және инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының экономика жөніндегі орынбасары.

«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды:

1. Кабиева Сәуле Маутовна - ішкі аурулар кафедрасының профессоры;

2. Алина Әсел Разаққызы - ішкі аурулар кафедрасының профессоры;

3. Талиева Гульбанат Нұрғалиұлы - Қоғамдық денсаулық және биомедицина мектебінің қауымдастырылған профессоры;

4. Жарылқасын Жеңісбек Жарылқасынұлы - ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық зертханасының меңгерушісі;

5. Костылева Ольга Андреевна - патология кафедрасының ассистент-профессоры;

6. Дәрменов Ерғали Нұрмахамбетұлы - қауымдастырылған профессор, хирургиялық аурулар кафедрасының зерттеушісі;

7. Ломан Надежда Филипповна - Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының ассистент-профессоры.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен:

1. Шевелева Наиля Игоревна - неврология, психиатрия және реабилитологияның еңбек сіңірген профессоры;

2. Түсіпбекова Қарлығаш Төлеуқызы - ішкі аурулар кафедрасының қауымдастырылған профессоры;

3. Скосарев Иван Александрович - педиатрия және неонатология кафедрасының профессоры;

4. Абдулина Ғалия Әмірбекқызы - биомедицина кафедрасының қауымдастырылған профессоры.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен:

1. Халмурадова Сымбат Ержанқызы - отбасылық медицина кафедрасының ассистенті;

2. Бейсенаева Ақмарал Ғабитқызы - кәсіби даму және резидентура мектебінің қосымша білім беру жөніндегі декан орынбасары;

3. Дюсембина Динара Бакенқызы - адами ресурстарды басқару департаментінің бас маманы.

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды:

1. Пономарева Ольга Анатольевна - биомедицина кафедрасының меңгерушісі;

2. Елдашбаева Қалдыгүл Мұсақызы - кәсіби даму және резидентура мектебінің маманы;

3. Гизатова Ольга Сергеевна - академиялық жұмыс департаментінің бас маманы;

4. Рамазанова Гүлжанат Күнтуғанқызы - кәсіби даму және резидентура мектебінің бас маманы;

5. Листовая Александра Федоровна - жатақхана меңгерушісі.

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хатымен марапатталды:

1. Молотов-Лучанский Вилен Борисович - ішкі аурулар кафедрасының профессоры;

2. Асанова Айгүл Мәжитқызы - Кәсіптік денсаулық клиникасының бас дәрігері міндетін атқарушысы;

3. Болатбекова Айғаным Айболқызы - мейірбике білім беру мектебінің машықтанушы-оқытушысы;

4. Рорк Любовь Германовна - комендант;

5. Махамедов Дилмурат Турашович - ағаш ұстасы;

6. Сатиева Гүлбақыт Жомартқызы - Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіптік денсаулық институтының коменданты.

Басқарма Төрағасы - Ректор міндетін атқарушы Анар Ақылбекқызы Тұрмахамбетованың 14 желтоқсандағы №355 бұйрығымен «ҚМУ» КеАҚ-ның 107 қызметкеріне алғыс жарияланды.

https://qmu.edu.kz/ru/advertisement/view/4298

Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай Қарағанды медицина университеті ректорының алғыс хатымен ЖОО-ның қоғамдық өміріне белсенді қатысқан студенттер марапатталды:

Жомартова Жанерке Ерболатқызы;

Аршкенов Асыл Болатұлы;

Пшенбаева Дана Болатқызы;

Тұрсынбеков Тамерлан Ровшанұлы;

Асет Серікұлы Атағұлов;

Нұрмағамбет Темірлан;

Мұхитбек Гүлжан Амангелдіқызы;

Ермеков Ұлан Жанатұлы;

Исмаилова Дариға Ерболқызы; 

Федорова Варвара Дмитриевна; 

Жүнісова Дарина Нұржанқызы; 

Әбілжанов Дарын;

Абас Ербол Ерланұлы;

Әлімбатыров Марлан;

Сағымбекова Назерке.

Салтанатты марапаттау рәсімі университеттің шығармашылық студенттік ұжымдарының мерекелік концертімен жалғасты. Сахнаға бірінші болып домбыра оркестрінің қатысушылары шықты. Құрманғазы Сағырбайұлының «Адай» күйі шебер орындалып, залдағы барлық жанды бір серпілтті.

«Қаракөз» халықтық шығыс би ансамблінің қыздары тобының орындауындағы «Қарлығаш»биі көрермендерге қуаныш сыйлады. «Golden step» би театрының қатысушылары вальсты орындау кезінде көрермендер залында нәзіктік пен романтика атмосферасы орнады. Заманауи блокты «New wave» заманауи би үйірмесінің қатысушылары жалғастырып, жастардың сүйікті «Welcome to Kazakhstan» әніне динамикалық би композициясын орындап, қошеметке бөленді.

Ералиева Дана «Гүлдене бер, Елім!» әнін орындауы көрермендердің жүрегіне жетіп, елге деген құрмет еселене түсті. «Менің Қазақстаным» облыстық вокалистер байқауының Гран-при иегері Бейшенов Саматтың «Атамекен» әнін орындауы көрермендер үшін нағыз сыйлық болды.

«Жігіттер» вокалдық тобы «Туған жер» әнінің жарқын орындалуымен көрермендерді қуантты.  Сұлу  да, әдемі дауыс иесі Серік Раушанның сахнада  «Сәлем саған туған ел» әнін орындауы көрермен көңілінен шығып, ерекше әсер сыйлады.

Концерттік бағдарламаның финалында солистер мен қатысушылар «Атамекен» патриоттық әнін орындады.

Шығармашылық ұжымдардың барлық қойылымдары қысқа мерзім ішінде Қазақстан тарихы бейнеленген бейне - Тарихи меппингпен сүйемелденді. Көрермен даланың қалай пайда болғанын, ата-бабаларымыздың қалай өмір сүргенін көре алды, тарихтың негізгі кезеңдерін, Қазақстанның тәуелсіздік жолында жасаған жолын еске алды.


0
3130

пікірлер

пікір қалдыру үшін.