Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Парижге ашылған «терезе»

Парижге ашылған «терезе»

23 Желтоқсан 2021

«Париж и парижане: мои впечатления»: осындай атаумен 2021 жылдың 4 желтоқсанында Франция астанасы – Париж қаласынан Адель Абенова біздің өтінішіміз бойынша Қазақстан тарихы және КПД кафедрасының тарихи – өлкетану үйірмесінің кезекті отырысын өткізді.

Адель университетіміздің «Жалпы медицина» мамандығы бойынша түлегі, оқу кезінде біздің үйірменің тұрақты және белсенді қатысушысы болды, бірнеше рет әртүрлі тақырыптарда баяндамалар дайындады, облысымыздың тарихи және географиялық ескерткіштеріне саяхаттарға қатысты.

Қазіргі таңда, Франция астанасындағы Кюри институтында (Назарбаев Университетінде жоғарғы оқу орынан кейінгі білім беру аясында) тағылымдамадан өтуде. «Жалпы медицина»  мамандығының 5 курс студенті, үйірме басшысы Ахамбаева Айгерімнің ұсынысы бойынша кездесуге Адель әйгілі Эйфель мұнарасының етегінен онлайн режімінде сөз сөйледі. Айгерім де іс-шараға ыңғайлы бағдарлама таңдап, студенттер, интерндерді кездесуге шақырды.  

   Адель атқарып жүрген қызметінің арқасында франция және қазақстандық онкологтардың бірлескен жобаларымен және әзірлемелерімен танысуға мүмкіндік алды (Қарағандыда оқуының соңғы жылдарында ол француз тілін үйренді). Біздің өтінішіміз бойынша ол француз медицинасының ерекшеліктері туралы, атап айтқанда, дәрігерлер мен пациенттер арасындағы қарым-қатынас туралы, ауыр науқастарға паллиативтік көмек көрсетудің кеңінен дамыған қызметі туралы өз бақылауларымен бөлісті.

Біз париждіктердің күнделікті өмірі, француз асханасының ерекшеліктері (қазақстандықтар үшін әдеттен тыс), туралы көптеген сұрақтар қойылды; Париж тұрғындары барлық жерде көрсететін шетелдіктерге деген мейірімділік пен ілтипаттылық туралы білдік.

Онлайн кездесуге қатысушылар спикерге егжей-тегжейлі және ашық әңгімесі үшін алғыстарын білдірді, жалпы пікір бойынша, мазмұнды және қызықты болды.

Кафедраның тарихи - өлкетану үйірмесінің жетекшісі:

профессор - ассистенті  А.Б. Долгополов 


0
2147

пікірлер

пікір қалдыру үшін.