Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Реабилитология мен курортологияның басым бағыттары талқыланды

Реабилитология мен курортологияның басым бағыттары талқыланды

30 Желтоқсан 2021

«UMC» корпоративтік қорының балаларды оңалтудың ұлттық орталығы, «Курортологтар мен реабилитологтар қауымдастығы» ҚБ 2021 жылғы 9-10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған он бір мемлекеттің халықаралық қатысуымен «Реабилитология мен курортологияның басым бағыттары» атты VIII республикалық ғылыми – практикалық конференциясын ұйымдастырды. Оған Италия, АҚШ, Австралия, Ресей, Германия, Украина сияқты елдерден спикерлер шақырылды.

 Конференцияда әлемдік және отандық үрдістер, тәжірибе алмасу, мәселелік сұрақтар және оңалту саласындағы серіктестік қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды. Аталған іс-шарада «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ спикері м.ғ.д., профессор Т.Т. Киспаева «Мейіргерлік денсаулық сақтауды реформалау жағдайында COVID – 19 кейін когнитивті диагностика және оңалту» баяндамасын және Мейіргерлік білім беру мектебінің 2-ші оқу жылы магистранты М.А. Сейтбаева конференцияда «COVID – 19-бен  ауыратын науқастардағы танымдық бұзылыстарды дәрілік емес коррекциялау» (басқа да автор Т.Т. Киспаева) баяндамасын жасады. Күндізгі баяндамадан басқа «ҚМУ» КеАҚ  Мейіргерлік білім беру мектебінің студенттері, магистранттары: МІ 1-010 тобының студенті Н.Т. Фазлаева, 2-ші оқу жылының магистранттары М.А. Сейтбаева және С.Ж. Абилева «COVID – 19 бастан кешкен пациенттерде депрессияның алдын алу кезіндегі мейіргерлік сүйемелдеу ерекшеліктері»  тақырыбында постерлік мақала ұсынды (Ғылыми жетекшілері: Т.Т. Киспаева, Б.К. Омаркулов).

 Конференция жұмысына «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша бакалавриат студенттері Я.О. Каратаева, Т.В. Гончарова, А.С. Лим, К.Ж. Сагындыкова белсенді қатысты (оқытушы Т.Т. Киспаева).


0
1908

пікірлер

пікір қалдыру үшін.