Отан қорғаушылар күніне орай жүгіру ұйымдастырылды
13 Мамыр 2022
7 мамыр күні
Қарағанды медицина университетінің студенттері Б.Бейсенов атындағы ІІМ
Академиясының курсанттарымен және "Спарта-Қарағанды" СӨС
қауымдастығының белсенділерімен бірлесіп Отан қорғаушылар күніне арналған жеңіл
атлетиканың бірі - жүгіруге қатысты.
Іс-шараның барлық қатысушылары басқа оқу орындарындағы құрдастарымен тілдесіп, жағымды сәттерге толы, денсаулыққа пайдалы уақыт өткізді. Біздің елімізде Отан қорғаушылар әрқашан Ар-намыс пен ерліктің, сондай-ақ Қазақстан халқына шексіз қызмет етудің үлгісі болып қала беретінін жеке үлгі ретінде көрсеткен тамаша күн болды.
0
1551
пікірлер
пікір қалдыру үшін.