Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Сәтті қорғау

Сәтті қорғау

17 Маусым 2022

2022 жылдың 31 мамырында «Қарағанды медициналық университеті» КеАҚ мағындағы м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Бауыржан Каденович Омарқұловтың төрағалығымен «Оңтүстік Қазақстан облысының еңбекке қабілетті жасынан асқан тұрғындарына медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (МСАК) оңтайландыру» тақырыбында 6D110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін ізденуге Ермаханова Жанар Акбаровнаның диссертация қорғауы сәтті өтті.

Диссертация «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалды.

Диссертациялық кеңес туралы үлгі мереженің соңғы талаптарына сай, отырысқа уақытша мүшелер қатысты. Олар: медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, «Primary Health Care» Ұлттық ассоциациясының Президенті Төлебай Қосиябекович Рахыпбеков, медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Primary Health Care» Ұлттық ассоциацияның Басқарма төрағасы, ҚР ДСМ МСАК және әлеуметтік жұмыс бойынша штаттан тыс маманы Роза Абзаловна Абзалова, медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ ішкі аурулар кафедрасы Тайжанова Дана Жұмағалиқызы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан профилактикалық медицина Академиясының мүшесі. «Кардиохирургия және трансплантология  ғылыми-клиникалық орталығының» директоры.

Ғылыми кеңесшілері:

1. Булешов Мырзатай Абильдаевич - медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Шымкент медицина институты, Жоғарғы медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, «Профилактикалық медицина және стоматологиялық пәндер» кафедрасы, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы 

2. Тузельбаев Нурдилла Кельжанович – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті, Шымкент медицина институты, Жоғарғы медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, №1 жалпы дәрігерлік практика кафедрасы, Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы

3. Мұстафа Нежми Илхан - PhD, MD, профессор, Гази университеті Қоғамдық денсаулық білімдері факультетінің деканы, Анкара қ., Түркия мемлекеті.

Жасырын дауыс беру нәтижесінде докторант Ермаханова Жанар БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінде философия докторы (PhD) дәрежесін беруге ұсынылды. Диссертациялық кеңес Докторантты сәтті қорғауымен құттықтап, келешекте табыс тілейді!

Диссертациялық кеңестің ғалым хатшы, PhD Даулеткалиева Жания Абаевна


0
1928

пікірлер

пікір қалдыру үшін.