Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Жобаның жазғы мектебінің жұмысы барысында тәжірибе алмасты

Жобаның жазғы мектебінің жұмысы барысында тәжірибе алмасты

13 Шілде 2022

2022 жылдың 27 маусым мен 9 шілде аралығында Бұхара қаласында, Қарағанды медицина университеті мүшесі болып табылатын,Erasmus+ HARMONEE жобасының жазғы мектебі өтті. Университетіміздің атынан Қоғамдық денсаулық сақтау және биомедицина мектебінің оқытушысы Жамантаев Олжас, зерттеу мектебінің маманы Болатова Жанерке және ҚМУ жоба үйлестірушісі Калишев Марат Гузаирович қатысып, консорциум серіктестерімен гигиена және қоршаған ортаны қорғау саласындағы тәжірибесімен қашықтықтан бөлісті.

Жазғы мектептің 10 күні жемісті өтті: еуропалық және орта азиялық кеңесшілермен бірлесіп, Қоғамдық денсаулық және медицина магистратурасы үшін «Біртұтас денсаулық», «Инфекциялық емес аурулардың ауыртпалығы», «Қоршаған орта және токсикология», «Жаһандық денсаулық» және басқа пәндердің оқу бағдарламалары дайындалды, Орта Азия мен Еуропа Одағындағы кәсіби денсаулықтың кейбір мәселелеріне арналған жарияланым үшін талдау жұмысы басталды.

Жоба жетекшісі және университетіміздің көптен бергі досы Клаудио Колозио қарағандылық әріптестеріне жалынды сәлем жолдайды. Жобаның қызметі туралы толығырақ https://www.harmonee.eu сайтынан білуге болады.


0
2007

пікірлер

пікір қалдыру үшін.