Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
ОҚКЕ оқудың бірінші жылынан басталады

ОҚКЕ оқудың бірінші жылынан басталады

05 Қыркүйек 2022

Университеттің барлық кафедралары студенттерді университетте қарсы алуға дайындалып жатқанда, симуляциялық және білім беру технологиялары орталығы Халықаралық медицина факультетінің (ХMФ) студенттеріне қорытынды емтихан өткізді. 

410 студенттің басқа факультеттерден өзгеше оқу бағдарламасы бар. ММФ студенттері Қарағанды медицина университетінде оқудың бірінші жылын аяқтады және 2 айлық демалысқа Үндістанға қайтуға дайын. Үйге қайтар бұрын олар 2022 жылдың 1 және 2 қыркүйегінде Симуляциялық және білім беру технологиялары орталығында  емтиханды тапсыруы керек. «Негізгі медициналық манипуляциялар» атты симуляциялық курсын аяқтағаннан кейін студенттер объективті құрылымдық клиникалық емтихан тапсырды (ОҚКЕ). Бұл емтиханның авторы Рональд Харден (Ұлыбритания).

 Қазіргі заманғы медициналық білім беруде ОҚКЕ практикалық дағдыларды бағалаудың алтын стандарты болып табылады. Барлық студенттерге арналған шарттар бірыңғай бақылау тізімі критерийлерімен стандартталған, бұл емтиханның сенімділігі мен негізділігі бағалаудың басқа тәсілдеріне қарағанда әлдеқайда жоғары.

Емтихан 3 станциядан өтуді қамтыды: жүрек-өкпе реанимациясы, бұлшықетке және көктамырға инъекциялар. Студенттердің көптігін (400-ден астам) ескере отырып, емтихан таңғы 9-дан кешкі 16.00-ге дейін үзіліссіз өткізілді. Автоматизмге әкелген бұл іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуы емтиханды қажетсіз қиындықтарсыз тиісті деңгейде өткізуге мүмкіндік берді.

ҚМУ-дегі ОҚКЕ оқудың бірінші жылынан басталады және жыл сайын осы бағалау әдісі арқылы студенттердің практикалық дағдылардағы жетістіктері тексеріледі. ОҚКЕ аяқталғаннан кейін студенттердің өзін-өзі бағалау және Орталық жұмысын бағалау мақсатында сауалнама жүргізілді. Студенттер Орталық қызметкерлерінің ұйымдастырушылық жұмыстарын жоғары бағалап, өз нәтижелеріне риза болды.

Аруна Сапарова


0
1395

пікірлер

пікір қалдыру үшін.