Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«ҚР Президентінің жолдауы – Жаңа Қазақстанның маңызды қадамы»

«ҚР Президентінің жолдауы – Жаңа Қазақстанның маңызды қадамы»

05 Қазан 2022

2022 жылдың 4-қазанында Қарағанды медицина университетінің Тілдерді дамыту орталығында қауымдастырылған профессор, ф.ғ.к. Каукербекова Бағлан Сәтібекқызының ұйымдастыруымен «ҚР Президентінің жолдауы – Жаңа Қазақстанның маңызды қадамы» атты ғылыми-әдістемелік дөңгелек үстел өтті.

 Алғысөзбен Қарағанды медицина университетінің профессоры, м.ғ.д. Молотов-Лучанский Вилен Борисович Жолдау аясында өз ойымен бөлісті. Дөңгелек үстел қонағы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Саясаттану және әлеуметтану кафедрасының аға оқытушысы Олжас Жанғабылұлы Темірқұловты қатысушылар аса қызығушылықпен тыңдады.

Медицина мектебінің 1-019 топ студенттерінің қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындаған баяндамалары Жолдаудың түрлі аспектілерін қозғады. Студенттер 01.09.22 жылғы Президент Жолдауын қызу талқылау барысында оның жүзеге асырылуы, дәлірек айтқанда, Жаңа Қазақстанды құруда белгіленген міндеттер мен мақсаттарға жету жолы жастардан да саналы, жауапкершілікті талап ететініне көз жеткізді.

Өнерпаз домбырашылар дөңгелек үстелге ерекше көңіл-күй сыйлады.


0
1531

пікірлер

пікір қалдыру үшін.