Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Қазақ халқының рухани көшбасшылары

Қазақ халқының рухани көшбасшылары

12 Желтоқсан 2022

«ҚМУ» КеАҚ Тілдерді дамыту орталығы 2022 жылдың 9 желтоқсанындаонлайнформаттақоғам санасын модернизациялау бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Жаңа Қазақстан»: Халықтық рухани сана қалыптастыруда Қазақстан қоғам қайраткерлерінің шығармашылық мұрасының рөлі» атты студенттік ғылыми-теориялық конференция өткізді.

Конференцияға университетіміздің қазақ және орыс бөлімінде оқитын бірінші курс студенттері қатысты.

Пленарлық отырыста Қарағанды қаласының жоғары оқу орындарының оқытушылары баяндама оқыды. Олар: КеАҚ «Бөкетов атындағы ҚарУ» қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, ф.ғ.к. С.А. Рахымберлина, КеАҚ «Бөкетов атындағы ҚарУ» Г.А. Мейрамов атындағы орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессор ассистенті, PhD докторы, ф.ғ.к. М.С. Абишева, «Назарбаев зияткерлік мектебі» білім беруді басқару саласының магистрі Ж.Х. Касимова, КеАҚ «Сагинов атындағы ҚарТУ» қазақ тілі мен мәдениет кафедрасының доценті,  ф.ғ.к. А.Б. Аширбекова.

Конференция жұмысы пленарлық отырысы мен үш секцияда жүзеге асырылды:

1.  «Ахмет Байтұрсынов – ұлт руханиятының алыбы»;

2.  «Әуезов әлемі»;

3.  «Шерхан Мұртаза шығармашылығы және тәуелсіз ел руханияты».

Секциялар жұмысы барысында ұлттық мәдени құндылықтар мен ең озық тарихи дәстүрлерді ескере отырып, Қазақстанның біртұтас ұлттық көзқарас қалыптастыруға бағытталған қоғамдық сананы модернизациялауға байланысты өзекті мәселелер талқыланды.

Баяндама материалдары электрондық мақалалар жинағына енді.  Баяндамашылар мен ғылыми жетекшілерге сертификаттар тапсырылды. Пленарлық отырыста баяндама жасаған студенттерге спикер дипломы берілді.


0
1153

пікірлер

пікір қалдыру үшін.