Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Самарқанд – 2020

Самарқанд – 2020

27 Желтоқсан 2022

2022 жылдың 16-17 -ші желтоқсан аралығында МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН "САМАРҚАНД – 2020 " III Халықаралық олимпиада өтті

Халықаралық олимпиаданы ұйымдастыру мен оны өткізудің негізгі мақсаты: медицинаның әртүрлі бағыттары бойынша білімді ұсыну, сонымен қатар студенттердің оқу іс-әрекетіне қызығушылығын ояту және практикалық, сонымен қатар клиникалық дағдыларды көрсету, студенттердің алған білімдері мен дағдыларын практикалық іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктерін құру.

Олимпиада үш тілде өткізілді: негізгі және клиникалық пәндер бойынша өзбек, орыс және ағылшын.

Олимпиада 3 бәсекелестіктен тұрды және оффлайн/онлайн форматта өткізілді.

Біздің университеттен патофизиология пәнін таңдауға патология кафедрасыныңқауымдастырылған профессоры, м.ғ.к. Х. Р. Абдикадированың, профессор, м.ғ.д. С. Б. Жаутикованың жетекшілігімен қазақ бөлімдерінің "Жалпы медицина" мамандығы бойынша 3-4 курс студенттері қатысты.

Студенттер пәндік бағыттар бойынша екі кезеңде онлайн жарыс өтті:

Бірінші кезең: "Самарқанд 2020" медициналық ЖОО студенттерінің III-Халықаралық олимпиадасы (тестілеу).

Екінші кезең: "Самарқанд 2020" медициналық ЖОО студенттерінің III-Халықаралық олимпиадасы (пән бойынша мәселе, ситуациялық міндеттерді шешу, практикалық дағдыларды бағалау).

Өткен олимпиада қорытындысы бойынша келесі студенттер сертификаттар марапатталды: Айтубай А., Аманкеш Е., Даукен А., Даулет Б., Әбдімомын Б., Жақсылық Т., Нарбай Д., Рымкул Н., Серік Ә., Түлкібай Н., Турлыбекова А., Хайтбаева А., Шамшаева А.

Қатысушы студенттерімізді алған нәтижелерімен құттықтаймыз, оларға шығармашылық даму мен ЖАҢА ЖЕҢІСТЕР ТІЛЕЙМІЗ!!!

Ізгі тілекпен патология кафедрасы!


0
974

пікірлер

пікір қалдыру үшін.