Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
«Ғылыми шолулар жазу» тақырыбы бойынша оқыту семинары

«Ғылыми шолулар жазу» тақырыбы бойынша оқыту семинары

10 Қаңтар 2023

2022 жылы 28 желтоқсан күні  «Divera» облыстық аллергологиялық орталығында ішкі аурулар кафедрасының ғылыми үйірменің отырысы өтті.Үйірмеге 1 және 2 оқу жылындағы аллерголог-иммунолог резиденттер, ішкі аурулар кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамы қатысты.

Үйірме отырсын үйірме жетекшісі ассистент-профессор Марина Рашидовна Измайлович ашты, шолу мақаласын жазу алгоритмі, әдістемесі және кезеңдері туралы баяндама жасады. Марина Рашидовна әртүрлі жарияланатын материалдарды жүйелеуге және сақтауға көмектесетін өзекті ғылыми өлшемді мәліметтер базасы, ғылыми мақалаларды жазу кезінде Scopus, РИНЦ, Google Scholar және тағы басқа әдебиеттер көзін іздеу  туралы айтты.

Әрмен қарай резиденттердің ғылыми мақалалары талқыланды, мақалалар жазу кезінде жіберілген техникалық қателіктер қарастырылды, журналдардың талаптарына сай мақаланың жазылу форматына сәйкестігі тексерілді. Сондай-ақ 2023 жылға ғылыми-зерттеу жұмысының жоспары құрастырылды.

Баяндаманы талқылағаннан соң  сөз кезегі кафедраның ассистенті Ольга Юрьевна Дедоваға берілді. Ольга Юрьевна аталмыш іс-шараны ұйымдастырып, өткізгенң үшін үйірме жетекшісіне және ғылыми үйірменің мүшелеріне алғысын білдірді.


0
947

пікірлер

пікір қалдыру үшін.