Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор Калиева Шолпан Сабатаевна «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды

Клиникалық фармакология және дәлелді медицина кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор Калиева Шолпан Сабатаевна «Алтын дәрігер» медалімен марапатталды

10 Қаңтар 2023

«Алтын дәрігер» төсбелгісі өз қызметінде ерекше кәсіби шеберлік пен қайсарлық танытқан денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне адал және мінсіз еңбегі үшін беріледі. Бұл медаль - маманның отандық денсаулық сақтауды, халық денсаулығын жақсартуға және белсенді қоғамдық қызметке қосқан зор үлесіне берілген баға.

Калиева Ш.С. – мемлекеттік және орыс тіліндегі 170-тен астам жарияланымның, оның ішінде 35 халықаралық басылымның, медицина студенттеріне арналған 4 оқулықтың – «Клиникалық фармакология және рационалды фармакотерапия» (2 томдық) «Ревматологиядағы ұтымды фармакотерапия», «Гастроэнтерологиядағы ұтымды фармакотерапия» авторы және бірлескен авторы. Медицина студенттері мен дәрігерлеріне арналған 25 оқулық, 3 монография, авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы 13 куәлік, h-Hirsch индексі - 3 (Scopus), 1- (Web of Science), 6- Google Scholar –ның авторы.


0
1057

пікірлер

пікір қалдыру үшін.