Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Республикалық байқаудың І дәрежелі диплом иегері

Республикалық байқаудың І дәрежелі диплом иегері

11 Қаңтар 2023

Біздің ҚеАҚ «Қарағанды медицина университеті» өз түлектерін мақтан тұтады. Біздің университетті 2021 жылы бітірген «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының түлегі Юнгенштейн Юлия Витальевна туралы айтқымыз келеді. Университетте оқыған жылдары Юлия өзін тәртіпті, жауапты, жан-жақты, коммуникативті, адал және табысты студент ретінде көрсетті.

Ол студент кезінде бейнелеу өнері үйірмесіне, түрлі конференцияларға қатысып, «Әбу Әли ибн Синаның ілімінен үшінші ренессансқа дейін» (Бұхара қ.) халықаралық студенттік пәндік онлайн олимпиадасының 3 дәрежелі дипломы, «Самарқанд 2020» медицина студенттерінің халықаралық студенттік пәндік онлайн олимпиадасының 3 дәрежелі дипломы иегері болды. Жас кәсіпкерлерге арналған Zener-Camp жазғы лагері 100 қатысушысының бірі болды, онда ол өз командасымен жоба идеясын жүзеге асыру үшін 1 000 000 теңге ұтып алды. Еріктілер қозғалысына қатысты. Көптеген грамоталар мен алғыс хаттар алды.

Университетімізді бітіріп, бір жылдан астам уақыт жұмыс істегеннен кейін Юлияның биылғы жылы «Қазақстан республикасының жылдың үздік маманы» республикалық байқауында І дәрежелі диплом иегері атанғанын, «Қазақстан республикасының жылдықтың үздік маманы» төсбелгісімен марапатталғанын және «Қазақстан республикасының жылдықтың үздігі» энциклопедиясына енгізілген екен.

Қоғамдық денсаулық мектебі Юнгенштейн Юлия Витальевнаны марапатымен құттықтайды және алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілейді!


0
986

пікірлер

пікір қалдыру үшін.