Қарағанды медицина университеті
«Медицина және экология» журналы
«Медицина» ай сайынғы газеті
Басты бет
Жаңалықтар
Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният Қарағанды ​​облысында халықпен кездесу өткізді

Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният Қарағанды ​​облысында халықпен кездесу өткізді

31 Қаңтар 2023

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Қарағанды медицина университетінің базасында халықпен кездесу өткізді, оған 300-ден астам адам қатысты.

Министр өзінің кіріспе сөзінде денсаулық сақтауды дамытудың бірнеше басым бағыттарын атап өтті, бұл медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК)  ұйымдарында медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және қамтуды кеңейту, ауылдық медицинаны дамыту, ана мен бала денсаулығын сақтау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту.

«Біз Мемлекет басшысының халыққа медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмалары шеңберінде кешенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Нәтижесінде ел бойынша денсаулық сақтаудың негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің оң динамикасы байқалады. Қарағанды облысы бойынша жағдай келесідей: халықтың жалпы өлімі 9%-ға төмендеді. Сондай-ақ қанайналым жүйесінің ауруларынан болатын өлім – жітім көрсеткіштері 37%-ға, обырдан болатын өлім-жітім -8%-ға, тыныс алу ағзаларының  ауруларынан болатын өлім-жітім 37% - ға төмендеді, ал туберкулезден болатын өлім-жітім 31% - ға төмендеді», - деп атап өтті Ажар Ғиният халықпен кездесудің басында.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі негізгі буын - медициналық-санитариялық алғашқы көмек - бұл халыққа барлық медициналық көмекті үйлестіруге арналған қызмет.

Министрдің айтуынша, 2022 жылы 9 жаңа қалалық емхана мен амбулатория, оның ішінде Қарағанды облысында 3 емхана пайдалануға берілді.

Министр ауылдық денсаулық сақтауды дамытудың басымдығын атап өтіп, ауыл тұрғындары үшін профилактикалық қарап-тексерулерді енгізу туралы айтты.  «Қарағанды облысының 50 мыңнан астам ауыл тұрғыны зерттеліп-қаралды, 506-ға жуық адам динамикалық бақылауға алынды, оларда жоғары қан қысымы, қант диабеті, бүйрек патологиясы белгілері байқалды», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Ауыл тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде медициналық ұйымдардың базасында қосымша 72 дәріхана пункті және ауылда 161 жеке дәріхана ашылды.

Қарағанды облысында ауылдың медициналық ұйымдарының базасында 6 дәріхана пункті ашылды, шалғайдағы ауылдық пункттер үшін 7 жылжымалы дәріхана пункті іске қосылды.

«2023 жылы ұлттық жобаның шеңберінде 309 МСАК объектісі , оның ішінде Қарағанды облысында 42 объекті салынады»- деді А.Ғиният.

Мамандандырылған кардиохирургиялық және кардиологиялық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін ҚР-да 2022-2023 жылдарға арналған қанайналым жүйесінің аурулары кезінде медициналық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі жол картасы бекітілді және іске асырылуда.

Министрдің мәліметінше, республикада 75 инсульт орталығы жұмыс істейді, оның 4-еуі 2022 жылы ашылған, 41-і жедел коронарлық синдромы бар науқастарға көмек көрсету үшін тері арқылы коронарлық араласу орталығы.

«Қарағанды облысында 6 инсульт орталығы және 4 ТКА орталығы жұмыс істейді. 2023 жылы 2 деңгейдегі 8 инсульт орталығы мен 4 ТКА-орталығын ашу жоспарлануда. Қарағанды облысында 3 инсульт орталығы мен 1 ТКА-орталығын ашу жоспарланған», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Денсаулық сақтауды қаржыландыру мәселесіне қатысты ол 2022 жылы МӘМС пакетінде медициналық көмекті қаржыландыру 25%-ға өскенін атап өтті.

2023 жылғы 1 қаңтарға МӘМС жүйесіндегі сақтандырылған адамдардың саны 16,2 млн.адамды немесе ел халқының 83,2% -ды құрайды. Қарағанды облысында МӘМС жүйесінде 948 мың адам немесе 83,6%-ы сақтандырылған.

Бұл ретте қосымша қаржы қаражаты бұрын қаржыландыру тапшылығын бастан өткерген бағыттарды дамытуға бағытталған, сондықтан профилактикалық қарап- тексерулерді қаржыландыру көлемі 2 есеге, медициналық консультациялық-диагностикалық қызметтер мен оңалту  1,5 есеге, стационарлық көмек  1,2 есеге, жоғары технологиялық медициналық көмек 2,2 есеге ұлғайды.

Министрдің халықпен кездесуі барысында өңір тұрғындары медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру, сирек кездесетін аурулары бар балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, бүгінгі таңда жеке нарықта кеңінен таралған медициналық қызметтердің дәлелденбеген балама түрлері туралы түрлі сұрақтар қойды.

Медициналық жұртшылық өкілінің университеттік клиника құрылысының келешегі туралы сұрағына министр жақын арада 300 төсектік аурухана салу жоспарланғанын, жақын жерде 200 төсектік перинаталдық орталық салу жоспарланғанын түсіндірді. Дәрігерлер жеке орталықтарда баламалы медициналық қызметтердің көбеюіне, содан кейін пациенттерге білікті медициналық көмек көрсету қажет екеніне алаңдаушылық білдірді.  «Біз осындай қызметтер нарығында тәртіп орнатуға ниеттіміз, бірақ біз шаралар қабылдап, осы қызметті реттей алуымыз үшін дәрігерлердің қолдауы мен пациенттердің ресми өтініштері қажет», - деп атап өтті А.Ғиният.

Бұдан әрі министр азаматтарды жеке қабылдауды өткізді, онда адамдар ағзаларды трансплантаттау, медициналық көмектің сапасы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлігінде шетелде емделуге көмек сұрап жүгінді.

А. Ғиният өңір тұрғынының әрбір өтінішіне толық түсініктеме беріп, бірқатар мәселелерді жеке бақылауға алып, ведомствоның бейінді департаменттеріне шешімдерді пысықтауды тапсырды.

Коммуникациялар қызметінің өңірлік алаңында министр жергілікті және республикалық БАҚ журналистерінің сұрақтарына жауап берді.


0
1252

пікірлер

пікір қалдыру үшін.